Астанадағы адам төзгісіз кептеліс: Көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді

кептеліс
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада кептеліске байланысты автомобильдерге автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат берілді. Астана әкімдігі осындай хабарландыру жасады. 

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, жолдың жүру бөлігіне асфальт төселіп, жол белгілері қойылуына байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты көлік жүктемесін төмендету мақсатында 14 маусым мен 1 шілде аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бүкіл бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде „Сергек“ камераларымен автобус жолақтарында қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды» делінген хабарламада.

Астана қаласының полиция департаменті елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, сапар алдында оны ескеруді сұрайды.

«Өз қауіпсіздігіңіз үшін жылдамдық режимін сақтауды және көшелердің жабық учаскелерін ескеріп, өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» дейді әкімдіктен. 

Еске сала кетейік, біз бүгін елордадағы сұмдық кептелістен тұрғындар діттеген жеріне уақтылы жете алмай тұрғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар