Астанадағы Алматы көшесінің учаскесі уақытша жабылды

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 7-10 маусым аралығында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ремонт дорог, жол жөндеу
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осыған дейін Астанада тағы бір көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар