18:15, 29 Маусым 2025 | GMT +5
Астанадағы Амман көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінің Ж.Тәшенов көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейін жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 29 маусым мен 4 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Бұған дейін елордадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі жабылатынын хабарлаған едік.