Астанадағы әскери парадты қайдан тамашалауға болады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадқа қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл шара 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ. Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Астанадағы әскери парадты қайдан тамашалауға болады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады. 

іс-шара
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қарулы күштерінің күш-қуатын айшықтайтын салтанатты шеру республикалық телеарналардан, еліміздің барлық қаласында LED-экрандардан, Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

іс-шара
Фото: Қорғаныс министрлігі
іс-шара
Фото: Қорғаныс министрлігі

Айта кетейік, Президент Телерадиокешенінің Jibek Joly телеарнасынан әскери парадты тікелей эфирде тамашалауға болады. 

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл күндері әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіліп, автобус бағыттары өзгереді, кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады. 

Бұған дейін Kazinform агенттігі далалық жағдайда өмір сүріп, айтулы шараға дайындықты пысықтап жатқан әскерилердің тыныс-тіршілігін көрсеткен еді.

Соңғы жаңалықтар