Елордадағы бокс кешіне Махмұд және Төрехан Сабырхан қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Қазақстан құрамасының сапындағы ағайынды Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан 5 сәуірде кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Астанадағы бокс кешіне Махмұд және Төрехан Сабырхан қатысады
Фото: makhmud_tm

Ағайынды былғары қолғап шеберлері Астанадағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Басты жекпе-жек орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық атағын қорғау үшін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анауэл Нгамиссенге арасында өтеді.

Махмұд және Төреханның қарсыласы кім? Әзірге бұл жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. 

Спортшылар әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жекпе-жектері жөнінде хабарландыру жарялады. 

Айта кетсек, 5 сәуір күні Астанада Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Баходир Джалолов және өзге де боксшылар сынға түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық 17 боксшы жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар