Астанадағы Кенесары хан ескерткішінің іргетасы құлайын деп тұр

АСТАНА. KAZINFORM - Қаланың Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2024-2025 жылдары Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін қайта жаңарту жоспарланғанын хабарлайды.

Кенесары хан ескерткіші
Фото: Астана әкімдігі

Астана қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылды. Нысан іргетасының құлау қаупі бар.

Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Нысанның өзі жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады деп жоспарлануда.

«Жаңарту келесідей жұмыстарды орындауды қамтиды: мүсінді бөлшектеу және оны кейіннен қалпына келтіру, тұғырды және оған іргелес аумақты бөлшектеу, бұрғылау үйіндісін орнату, сондай-ақ құрылымды кейіннен монтаждау және тұғырды қаптау материалымен әрлеу»,-делінген хабарламада.

Астанада жаңа көп функционалды туристік аудан салынатыны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар