14:11, 05 Маусым 2024 | GMT +5
Астанадағы қоғамдық көлік паркі жаңа 15 автобуспен толықты
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада қоғамдық көлік паркі жаңа 15 автобуспен толықты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.

«Yutong» маркалы автобустарды «Жорға МТ» ЖШС жеке автобус паркі сатып алды. Автобустар 2024 жылғы, отандық өндірішумен жинақталған. Трансмиссиясы және белдемесі – неміс шығарылымы.
Жақын арада ресімдеу, жабдықты орнату, жүйеде тіркеу, жүргізушілерді бекіту жұмыстары жүргізілгеннен кейін, автобустар қала бағдарларына қосылып, халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.
Жаңа автобустар мен жаңа бағдарлар қосу бойынша жұмыс ары қарай да жалғасады.
Еске салақ, бұған дейін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетінін жазған едік.