Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттен 33 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Нұра ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шығып, құтқарушылар 33 адамды, оның ішінде 6 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

қойма өрт
Фото: ТЖМ

Оқиға Тұран даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болған. Өрт туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері дереу оқиға орнына жеткен.

- Алғашқы бөлімшелер келген сәтте пәтердің бірінде жеке заттардың жанғаны анықталған.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғарғы қабаттардан 33 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, - деп жазды ведомстводан.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, кеше «Астана Арена» стадионынан өрт шықты.

Соңғы жаңалықтар