Астанадағы көтерме-бөлшек сауда базары өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан көтерме-бөлшек сауда базарында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ

Астанада үш қабатты ғимарат өртке оранды
Фото: ТЖМ

Алдын ала мәлімет бойынша, ангар типіндегі бір қабатты ғимараттағы екі дүңгіршек жалынға оранған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Құтқарушылардың айтуынша, өрт сөндіру жұмыстары от толық лаулап жанған сәтте басталған, ғимараттың құрылыстық ерекшелігі мен жоғары өрт жүктемесі және қою түтін жағдайды күрделендірген.

Ғимарат ішінде адамдардың бар-жоғы тексерілді, өрт болған сәтте келушілер болмаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің таралу қаупі жойылып, ашық жалын ауыздықталды. Қазір өрт сөндірушілер жасырын жану ошақтарын анықтау үшін дүңгіршектердің артқы бөлмелерін тексеріп жатыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 95 қызметкер және 25 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, Алатау қаласында алапат өрт болған қоқыс полигоны жабылды.

Соңғы жаңалықтар