14:55, 24 Шілде 2024 | GMT +5
Астанадағы кіші Талдыкөл маңы тазаланады
АСТАНА. KAZINFORM – Келесі аптада елорда іргесіндегі кіші Талдыкөлдің маңында экологиялық акция өтеді.

«Келесі сәрсенбіге Нұра ауданы әкімдігімен бірлесіп кіші Талдыкөл маңын тазалауды жоспарлап отырмыз. Талдыкөл қаладағы экологиялық маңызды аумақтардың бірі саналады. Көл аумағын тазарту бұған дейін жоспарланған, бірақ ауа райына байланысты келесі аптаға ауыстырылды», - деді «Жасыл ел» жобасы жетекшісінің орынбасары Асылбек Абдурашитов елордада өткен экологиялық акция барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Еске салсақ, былтыр Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Талдыкөл тағдырына қатысты түсініктеме берген еді.