19:56, 18 Шілде 2025 | GMT +5
Астанадағы М.Жұмабаев даңғылы мен Айнакөл көшесі қиылысына жөндеу жүргізіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев даңғылы мен Айнакөл көшесі қиылысының жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 19-20 шілде аралығында қозғалыс ішінара жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескерген жөн.
Бұған дейін елордадағы Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылғанын жазған болатынбыз.