Астанадағы оқыс оқиға: 5 жасар баланың жағдайы ауыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жасөспірімнің пышақпен шабуылына ұшыраған 5 жасар балақайдың жағдайы ауыр. Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

врачи
Фото: Артем Викторов/Kazinform

— Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде жасөспірімнің пышақпен шабуыл жасауы салдарынан бетінің жұмсақ тінінде көптеген тілік жарақатын алған 5 жастағы бала №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Бала тексеріліп, ота жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл пышақ жарақатын алумен байланысты. Отадан кейінгі баланың жағдайы жақсы, — деп басқармадан.

Ведомствоның атап өтуінше, зардап шегушіге қажетті барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, мамандар кеңес өткізді. 

— Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, — деді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұған дейін елордада балаға пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар