21:36, 22 Маусым 2025 | GMT +5
Астанадағы өртке байланысты 17 қабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялап жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданындағы 17 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кофеханада шыққан өртті сөндіріп жатыр.

Қазақстан ТЖМ күштері тұрғындарды эвакуациялап жатыр.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, Астана қаласы Тұран көшесінің бойында 17 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан кофе дүкенінде қоқыс жәшігінің және ас үй бөлмесінде май қалдықтары жанған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Айта кетелік Астанада құтқарушылар Алаш тас жолындағы өртті сөндірген еді.