Астанадағы референдум учаскесінде жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы №60 референдум учаскесінде ерекше жағдай болды. Елордалық Абылайхан Егеубаев сүйіктісіне көпшілік алдында үйлену туралы ұсыныс жасады.

c
Фото: Аружан Махмут/Kazinform

Күтпеген ұсыныстан сәл толқыған Малика Тоқтиева келісімін беріп, «иә» деп жауап берді.

– Көңіл күйім күшті. Қобалжып тұрмын. Шыны керек, бұлай болады деп күтпедім. Дауыс беру үшін өз учаскеме келген едім. Күтпеген жерден осындай сөз салу болып жатыр. Мен бүгін «иә» дедім, – дейді Малика Тоқтиева.

Жастардың бұл сәті учаскеде болған адамдардың назарын аударып, жылы эмоцияға толы ерекше оқиғаға айналды. Абылайхан Егеубаев бұл күнге 1 жыл бойы дайындалғанын айтады.

– Мен өмірімдегі ең басты әрі маңызды оқиғалардың дәл бүгін болғанына қатты қуаныштымын. Бұл мен үшін ең айтулы күн болады, – дейді Абылайхан Егеубаев.

Айта кетейік, Ұлттық құрама боксшылары Түркістан облысында өз таңдауын жасады.

 

Соңғы жаңалықтар