Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы Astana Mall сауда-ойын сауық орталығында «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі

— Тәуелсіздік күніне орай «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз. Мұндағы мақсат — отандық қолөнершілердің басын қосу, олардың жасаған дүниелерін көпшілікке ұсыну, ұлттық өнердің дамуына серпін беріп, қолөнер шеберлерін қолдау және тұрғындарға ерекше этномәдени атмосфера сыйлау. Сатылымға шығарылған дүниелердің бағасы — көпшілікке қолжетімді. Сондай-ақ жәрмеңке аясында ерекше қажеттіліктері бар балалар сән көрсетілімін өткізеді. Мақсат — оларды қоғамға бейімдеу. Бүгін басталған жәрмеңке үш күнге жалғасады, — деді ҚР «Хас Шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығының президенті Зиуар Жұманова.

Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі
Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі

Мұнда Қарағанды, Қостанай, Қызылорда секілді облыстардан 100-ге жуық қолөнерші келген.

әшекей
Фото: Астана әкімдігі
Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі

Олардың біреуі ойыншық, енді бірі әшекей бұйымдарын елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынып отыр.

Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі
Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі

— Бұл жәрмеңкеге Көкшетаудан келіп отырмын. Осы іспен 5 жылдан бері айналысамын. Негізінен бұл — пандемия уақытында хоббиден басталған кәсіп. Қазақи оюлармен өрнектелген тақия тігемін, қыз-келіншектерге арналған әшекей-бұйымдар жасаумен шұғылданамын. Бастысы бұл іс маған ұнайды. Жасаған дүниелерімді әлеуметтік желі арқылы және жәрмеңкелерде сатамын, — деді Жібек Сұлтанова.

Жәрмеңке сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін болады.

Мұнда келушілер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды көріп, ұлттық өнердің жандануына куә бола алады.

Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін.

Астанадағы республикалық жәрмеңкеге 100-ге жуық қолөнерші келген
Фото: Астана әкімдігі

Бұдан бұрын Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар