Астанадағы турнирде бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні, 10 мамырда еліміздің атынан 13 спортшы сынға түседі.

Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Ерлер:
73 келі. Қуан Барыс — Леонардо Валериани (Италия)
73 келі. Саят Сейітқалиев — Этан Наирн (Ұлыбритания)
73 келі. Бақытжан Абдурахманов — Чанг Кен Сянь (Қытайлық Тайбэй)
73 келі. Есет Қуанов — Карен Галстиа (IJF)
81 келі. Азат Күмісбай — Владислав Колобов (Украина)
81 келі. Абылайхан Жұбаназар — Арис Сарагкас (Грекия)
81 келі. Айғали Қалдыбек — Павел Дрзималь (Польша)
81 келі. Жалғас Қайролла — Петр Млади (Чехия)
Әйелдер:
63 келі. Асылжан Орынбасарова — Анастасия Антипина (Украина)
70 келі. Анастасия Морозова — Мартина Эспозито (Италия)
70 келі. Кристина Сотникова — Ли Еранг (Оңтүстік Корея)
70 келі. Аруна Жангелдина — Сара Мехлау (Германия)
70 келі. Диана Телбаева — Аквилина Чайеб (Ливан)
Әлем чемпионатында іріктеу сатысы 10:30–да басталса, финал 17:00–ге жоспарланған. Тікелей көрсетілім Qazsport телеарнасы арқылы болады.
Халықаралық турнир 11 мамырға дейін жалғасады. Жарыс Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.
Еске салсақ, жарыстың алғашқы күні, 9 мамырда Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Талғат Орынбасар (60 келі) күміс алса, Аман Бақытжан және Мағжан Шамшадин қола жүлдеге қол созды.