Астанадағы жаңа перзентхана қай ауданда салынатыны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, перинаталдық орталық Сарыарқа ауданында бой көтереді.

нәресте, ана мен бала, аңсаған сәби, перзентхана
Фото: СҚО әкімдігі

Демографиялық есептерге негізделген халық санының өсімі ескеріле келе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы перинаталды орталық салу жобасын жүзеге асыру басталды. 

— Бүгінде Сарыарқа ауданында перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімдігі денсаулық сақтау нысандарының құрылысына жеке инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл екі толыққанды жеке клиника (Нұрлыжол және Хусейн Бен Талал теміржол вокзалдарының ауданында) пайдалануға беріледі. Ал алдағы үш жылда инвесторлар есебінен тағы екі емхана салынады, — дейді ведомство басшысы Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ ол елордадағы ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту туралы айтты. Осылайша, 2024 жылы қаладағы медициналық ұйымдарға 435 бірлік
медициналық жабдықтар сатып алынды. Биыл қаладағы ауруханалар мен емханалар үшін 336 бірлік медициналық жабдық сатып алу жоспарланып отыр.

Осыған дейін Астанада Алғыс айту күнінде қандай іс-шаралар өтетіні анықталды.

Соңғы жаңалықтар