Астанадағы №3 перзентхананың қызметкерлері белгісіз біреулердің атына үш жыл бойы еңбекақы жазып, оны өздері алып келген

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанадағы №3 перзентхананың бас дәрігері мен бас есепшісі, кадрлар бөлімінің аға инспекторы, бас экономист пен есепші- кассир ауыз жаласып, 3 жыл бойы перзентханада жұмыс істемейтін азаматтарға жалақы жазып, оны өздері алып келген.
None
None
Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, осы әрекеттен мемлекетке келген шығын 3 миллион 600 мың теңгені құраған. Тергеу амалдары әлі жалғасуда. «Жалпы, емдеу мекемелері мен ауруханалардың басшылары және лауазымды қызметкерлері келісіп алып, ақша ұрлау әрекеттері бір бұл ғана емес. Маңғыстау облысында аудандық емхананың қызметкерлері кеңсе жабдықтары мен жиһаздарын аламыз деген сылтаумен мемлекеттің 2 миллион 800 мың теңгесін кәсіпкерлерге беріп жіберген», дейді ресми өкіл.Оның мәліметтері бойынша, елімізде денсаулық сақтау саласында биылғы жылдың 3 айында 17 қылмыстық іс қозғалған, олардың салдарынан мемлекетке келген шығын 32 миллион 400 мың теңгені құраған. Оның 20 миллион теңгесі тергеу кезінде өндірілген.
Соңғы жаңалықтар