Астанадағы 30-дан астам нысан қауіпсіздік талаптарына сай емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық тәртіп сақшылары терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселесінде әлсіз деген бірқатар нысандарды тексерді. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Жыл басынан бері астаналық тәртіп сақшылары лаңкестік әрекеттерге әлсіз деген бірқатар нысандарды тексерді. Тексеру барысында 30-дан астам басшылар терроризмге қарсы қорғаныс талаптарын орындамағаны және қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Осындай жауапсыздықтар үшін салынған айппыұл көлемі 7 млн теңгеден асты»,-деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полиция мәліметтері бойынша, терроризм мәселесі бойынша әлсіз деп танылған нысандар инженерлік-техникалық жағынан нығайтылмаған. Нақтырақ айтқанда, онда бейнебақылау мен дабыл беру, арнайы белгі беру, басқаруды бақылау жүйелері қойылмаған. Сондай-ақ арнайы мамандандырылған күзет қызметі жоқ.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 28-тамызындағы №876 қаулысымен террористік әрекеттер бойынша әлсіз деп танылған нысандардың тізімі жарияланған. Олардың осы мәселе бойынша жұмыстарының талапқа сай болуын бақылау ішкі істер органдарына жүктелген.

Соңғы жаңалықтар