Астанадағы №54 мектеп-лицейге Ақселеу Сейдімбектің есімі берілмек

АСТАНА. Қазанның 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы № 54-ші қазақ мектеп-лицейі көрнекті ғалым, белгілі қайраткер, марқұм  Ақселеу Сейдімбектің есімімен аталатын болады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ақселеу ағамыз бүкіл өзінің өмірін, білімге, ғылымға, халықтың мүддесіне арнаған азамат. Сондықтан оның есімін мәңгілік сақтап қалу мақсатында №54 мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы және ата-аналар қауымы жоғары органдарға өтініш білдірді. Бүгінде өтініш Астана қаласы әкімі мен қалалық Ономастикалық комитет тарапынан қолдау тауып, мәселе бойынша қаулы дайындалу үстінде»,  деді бүгін журналистерге берген сұхбатында  мектеп-лицейдің директоры Ғалия Сыздықова.

 Ғ.Сыздықованың айтуынша, №54 мектеп-лицейі Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген алғашқы мектеп және ол барлық жағынан заманауи талаптарға сәйкес келеді. «Мұндай ірі тұлғаның есімін арқалау мектеп ұжымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл міндетті орындау - Ақселеу ағамыздың алдындағы азаматтық парызымыз деп білеміз»,  дейді ол.

 Мектеп-лицей алдағы уақытта өз базасында А.Сейдімбектің мұражайын ашып, оның еңбектерін терең зерттеуді қолға алмақ.

 Бүгінде көрнекті қаламгер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор-ғалым А.Сейдімбектің атымен Астана көшелерінің бірін атау мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар