Астанадағы №60 мектепте 1-ші «Э» сыныбы ашылды
АСТАНА.1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биыл Астанадағы №60 мектеп-лицейінде 1-ші «Э» сыныбы ашылып отыр.
Бүгін аталған мектепте өткен салтанатты шараға қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов та өз таңданысын жасыра алмады. «Мен өмірімде алғаш рет 1-ші «Э» класының ашылғанын көріп отырмын. Біз бұл әріпке дейін әлі бірде-бір рет жеткен емеспіз», - деді Б.Жұмағұлов.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша биыл Астанада 11 мың бала бірінші сыныпқа барды. Мектеп оқушыларының жалпы саны 92 мың адамды құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 6 мың оқушыға артық.