Астанадағы «Ақша тарихы» көрмесінде теңгенің сан ғасырлық тарихы паш етіледі

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Астанада 15 қараша күні ҚР Президенттік мәдениет орталығының көрме залында «Ақша тарихы» көрмесі ашылады.
None
None

Бұл көрме Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына және ұлттық төл теңгеміздің арнайы мерейтойына арналып отыр.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын жасап шығару мәселесі 1993 жылы 12 қарашада зор бастама болып қолға алынды. 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ұлттық валюта - теңге енгізілді. Кейін Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен төл теңгеміздің шыққан күнің еліміздің қаржы қызметкерлерінің атаулы мерекесіне айналдыру жария етілді. Ұлттық төл теңгеміз енгенде мемлекеттің Ұлттық банктері өз еркімен тәуелсіз қаржылай-несие түрінде саяси бағытын жандандыра түсті.

Ең басты назар - теңге тарихына аударылмақ. Көрмеге ХIV-ХV ғ.ғ. ежелгі Сарайшық қаласынан мыс тиындар және Ресей империясының тиындар, сонымен қатар VII- ХV ғ.ғ. түркеш, шағатай, қарахан, тимурид тиындары қойылып көпшілік назарына ұсынылады.

Онымен қоса ХIХ ғ. қамтитын хандық дәуірдегі өзара жазба қағаз түріндегі құжаттар, 1919 - 1920 ж.ж. Омбы жерінде А. Колчак үкіметінің бұйрығымен шығарылған ақша таңбалы белгілер, Кеңес одағы кезінде шығарылған банкноттар, лотерей билеттері, облигациялар көрмеге қойылады.

Сонымен қатар, көрмеге келушілер салмағы 1 келі 925 күміс тартатын қоспасы бар 5000 теңгелік тиындар, сондай-ақ әртүрлі дәрежеде жасалынған әшекейлі тиындарды тамашалауға болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бұл аталған тиындарды ел тәуелсіздігінің 10-жылдық мерейтойына арнайы жасап шығарған болатын. Онда еліміздің ірі банктері - «ҚР Ұлттық банк», «Цесна банк», «Банк Центр Кредит», «Альянс Банк» жұмыстарынан хабар беретін түрлі буклеттер, кітаптар, журналдар, кәдесый бұйымдары ел назарына таныстырылады.

Іс-шараға ҚР Мәдениет министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Республиканың қаржы жүйесінің өкілдері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар