Астанадағы Ана мен бала орталығында жілік майын ауыстыруға жасалған сәтті отаға байланысты баспасөз мәслихаты өтеді

None
None
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Астанадағы Ұлттық медицина холдингінің Ана мен бала орталығында алты жастағы балаға жілік майын ауыстыру жөнінде сәтті жасалған отаға байланысты баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Бұл - мұнда жасалған екінші осындай күрделі ота. Алты жастағы бала жасушалық лимфадағы лейкоз сырқатына шалдыққан болатын. Бүгінде дәрігерлер жілік майын ауыстыру отасы сәтті өтті, бала сырқатынан айықты дегенді сеніммен айтып отыр.

Баспасөз мәслихатында күрделі отадан өткен пациент Темірлан Мырзағали, оның донор ағасы Мейірлан Мырзағали, сондай-ақ пациенттің ата-анасы мен ота жасауға қатысқан дәрігерлер бас қосады.

Соңғы жаңалықтар