16:27, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Астанадағы әскери шеру біздің Отанымызды кімдер және немен қорғайтынына көз жеткізді - отставкадағы полковник
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Менің Қарулы Күштеріміздің қалыптасқанына көзім жетті», - деп өз ойымен бөлісті тікелей хабар аяқталған бойда, бұрынғы офицер, отставкадағы полковник, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Қабеш Бекенов.
«Мен әрі таңғалып, әрі қуанып тұрмын. Конституция күніне арналған, елордамызда өткен алғашқы шеру маған айрықша әсер қалдырды және есімде көпке дейін сақталатын болады», - деді 40 жылдық өмірін әскери қызметке арнаған, 30 награданы, оның ішінде Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерін кеудесіне таққан отставкадағы полковник. Ардагергеге ең басты ұнағаны - барлық әскер түрлерінің ұсынылғаны, техникалардың жаңа түрлерінің көрсетілуі болды.
«Мен біздің Отанымызды кімдердің және немен қорғайтынына көз жеткіздім», - деп атап айтты Қ.Бекенов. Отставкадағы полковник жастарға Отанға адал қызмет ету жөнінде өсиет айтты.