АСТАНАДАҒЫ ӘУЕ ПАРАДЫ: Ұшқыштар аспанға Ұлы Жеңістің мерейтойын білдіретін «70» санын жазды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана аспанын әскери ұшақтардың қиын маневрлері мен ерекше қимылдарымен құбылтып жіберген әуе парады аяқталды. Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушы күніне арналған әскери шерудің ең қызықты да көркем тұсы болды.
None
None

Біріншіден, бүгінгі парадтың тарихи ерекшелігі - ҚР Қарулы күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30МС жойғыш ұшағының қатысуы.

Екіншіден, әскери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсете білді, сондай-ақ әуеде Ұлы Жеңістің мерейтойын білдіретін «70» санын жазды.

Соңғы жаңалықтар