Астанадағы байқауда ТМД аумағындағы жалғыз әскери дирижер әйел жетекшілік ететін оркестр жеңімпаз атанды

Байқау қорытындысы бойынша Гран-приді Алматыдан келген ҚР ІІМ ІӘ 5571 әскери бөлімінің оркестрі жеңіп алды. Бұл оркестрге дирижер Елена Евстратенко жетекшілік етеді.
«Әскери дирижер болып қызмет етіп жүргеніме 18 жыл болды. Шынымды айтайын, бас қолбасшысының Гран-приін иелену - бұл үлкен дәреже», - деді ТМД аумағындағы жалғыз әскери дирижер әйел капитан Елена Евстратенко ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
«15 бірлікке дейін» санатында Семей қаласының 5511 әскери бөлімінің оркестрі, «25 бірлікке дейін» санатында Өскемен қаласының 5518 әскери бөлімінің оркестрі, ал «25 бірліктен астам» санаты бойынша ҚР ІІМ ІӘ ОРталық оркестрі жеңіске жетті.
ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының барабаншылар взводы көрермен көзайымы атанса, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің оркестрі арнайы сыйлықпен марапатталды.
Жеңімпаздарды ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің бас қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов құттықтады.