Астанадағы бокс кеші: ресейлік спортшы Әмірхан Төлеуовпен айқасын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда төріндегі «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық Әмірхан Төлеуов пен ресейлік Андрей Кременцов арасындағы айқас соңына жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

ММА шебері Қуат Хамитовты кездесуге шақырған Әмірхан бұл жолы Андрей Кременцовпен кездесті. Бірінші раунд аяқталғаннан кейін ресейлік боксшы рингке шығып, денсаулық жағдайына байланысты кездесуді ары қарай жалғастыра алмайтынын хабарлады. Төрешілердің шешімімен айқас аяқталып, қос боксшы қолдау білдірген көрермендерге алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, осы сәтте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Амфитеатрында бокс кеші өтуде. Басты сайыс қазақстандық Фируза Шәріпова мен болгариялық Милена Колеваның арасында болады. Кеш  ММА шеберлерінің сайысынан басталды. Қазақстандық «Алаш прайд» клубының атынан шыққан өзбекстандық Мурол Хантураев Украинадан келген Юрий Проценкодан бірініш раундта-ақ жеңіліп қалды. Ал екінші кездесуде қазақстандық Темірлан Райымқұлов төрешілердің шешімі бойынша өзбекстандық Степан Партновтан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар