Астанадағы бокс кеші: Темірлан Райымқұлов өзбек қарсыласынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық Темірлан Райымқұлов өзбек спортшысы Степан Партновты төрешілердің шешімімен жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

72,5 келі салмақтағы айқастың бірінші раунды тең дәрежеде өтті. Степан Партнов Өзбекстанның бокс мектебі ешкімнен кем түспейтінін дәлелдеп бақты. Қарсыласына қарағанда қолы ұзын Темірланның қарымта шабуылы діттеген жеріне жетіп жатты. Әсіресе, қабырғасын қақырата соққан соққысы өзбек боксшысының бетін бірнеше мәрте қайтарды. Алайда өз үлесін кем жібермеген Партнов барын салып бақты. Ашық доданың бірінде Темірлан көзінен жеңіл жарақат алды.

Төрт раундқа созылған кездесу нокаутсыз аяқталды. Алайда есеп айырмасы жағынан Темірланның асығы алшысынан түсті. Қазақстандық спортшы кәсіби бокстағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Еске сала кетсек, осы сәтте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Амфитеатрында бокс кеші өтуде. Басты сайыс қазақстандық Фируза Шәріпова мен болгариялық Милена Колеваның арасында болады. Кеш  ММА шеберлерінің сайысынан басталды. Қазақстандық «Алаш прайд» клубының атынан шыққан өзбекстандық Мурол Хантураев Украинадан келген Юрий Проценкодан бірініш раундта-ақ жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар