Астанадағы дәмханада тұтанған өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оң жағалаудағы «Драфт» дәмханасында тұтанған өрт толықтай сөндірілді. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА-ға Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
None
None

«2017 жылғы 17 қыркүйек күні кешкі 22.49-да Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесіндегі «Өркен іскерлік орталығы» ғимаратының жертөле қабатында орналасқан «Драфт» дәмханасында ас бөлмесінің төбесі мен сыртқы қаптамасы жанып, алау орталық ғимаратының шатырына өткен. Оқиға орнында өртке қарсы күрес штабы құрылып, 3 учаске ғимаратты қоршай орналасты, 3 өрт гидрантынан өрт ошағына тоқтаусыз су жіберілді. Өрттің жоғары температурада жануы, қою түтін және ағаш шатырға тез таралуы оны сөндіруді қиындатты», - дейді Руслан Иманқұлов.

Өрт сөндірушілердің белсенді қызметінің нәтижесінде өрт 01.43-те ауыздықталып, 02.43-те толықтай сөндірілген. Алау шарпыған алаң 1100 шаршы метрге жеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде 40 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 86 қызметкері және Астана өрт сөндіру қызметінің 25 техникасы жұмылдырылған, сондай-ақ Орталық аймақтық автомобиль жылдам құтқару жасағы мен ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы тартылған.

Соңғы жаңалықтар