Астанадағы Халықаралық «KADEX-2010» әскери-техникалық қару-жарақ көрмесінің аясында қазақстандық әскери делегация бірқатар кездесулер өткізді
Қорғаныс ведомствосының басшысы Корея ұлттық қауіпсіздік министрінің орынбасары Чжан Ки Юнмен, «IMI» концернінің бас директоры Ави Фельдормен, Францияның ұлттық қорғанысы Жоғары зерттеу институты әкімшілік кеңесінің өкілі Оливье Дарразонмен, «Finmeccanica SpA» компаниясының вице-президенті Серджио Бертолимен және «Elbit Sistem» компаниясының вице-президенті Яков Гадотпен кездесулер өткізді.
Осы күні Иран қорғаныс министрлігі әскери өнеркәсіп ісі жөніндегі орынбасары Мұхаммед Эсламимен және Беларус Республикасы мемлекеттік Әскер-өнеркәсіп комитетінің төрағасы Сергей Гурулевпен де кездесулер болды.
Тараптар екі жаққа өзара тиімді ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады, одан кейін екі жүзге тарта компания тылға арналған өнімдерінен бастап бронетехниканың жаңартылған үлгілеріне дейінгі өз өнімдерін көрсетті.