12:19, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Астанадағы «Хайвилда» шыққан өртте екі бала қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хайвил» тұрғын үй кешенінде өрт кезінде шыққан ыстан уланып төрт адам қаза тапты, олардың екеуі балалар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, 24 қабатты тұрғын үй кешенінің 9 қабатында түтін шыққандығы туралы хабарлама бүгін таңғы сағат 5-те келіп түскен. Жалпы ауданы 65 шаршы метр жерде үй жиһаздары, тұрмыстық электроника және үй жабдықтары өртенген.
«Өрт салдарынан ыс тиіп төрт адам қаза тапты, олардың екеуі - балалар. Оқиға болған жерге биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған техникалар мен жеке құрамнан 25 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.