Астанадағы кабель кәріздерінің 30%-ын жөндеу керек

«Кабельді төсеуге техникалық шарттарды әзірлеу, кабель кәрізінің жаңа учаскелерін салуды алдын ала есептеу туралы жобалық-сметаға сәйкес тариф - 15 857 теңге. Бұл қосымша құн салығынсыз. Бүгінде кабель кәріздері иесіз күйде болуына байланысты күтімді қажет етіп отыр. Қала бойынша 100% нысанның 30%-ы ағымдық жөндеуді талап етеді. Сондай-ақ, кәріз құдықтарының ашық қалған, ұрланған қақпақтар мәселесіне де жедел ден қою керек», - деді Айдан Адаев.
Оның айтуынша, қаладағы кейбір кабель кәріздері қайта жөндеуден өтеді.
«Қазіргі уақытта кабель кәріздеріне ағымдық жөндеу бойынша жұмыстар нақтыланды. Атап айтқанда, жеңіл кәріз құдығы қақпақтарын орнату, кәріз арналарын тазарту жұмыстары. Сонымен қатар, жалға алу шартын жасасып, жеке кабель иелерін анықтау үшін құжаттау жағы жоспарланып жатыр», - дейді ол.
Бұған дейін елордада кабель кәріздері қызметі монополистер қарауынан алынатыны туралы хабарлаған едік.