Астанадағы «KADEX-2012» қару-жарақ көрмесіне дейін бір айдан аз уақыт қалды

АСТАНА. 10 сәуір. Қазақпарат -ҚР Қорғаныс министрлігінде үстіміздегі жылдың 3-6 мамырында Астана қаласында өтетін екінші халықаралық «KADEX-2012»  қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.
None
None

Аталған кеңес әскери ведомствода көрмені дайындау және оны өткізу сұрақтарына жауапты тұлға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменовтың басшылығымен өтті. 

Көрменің басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Сәуірдің ортасында  көрмені өткізу алаңы - астаналық әуе базасының аймағына мүліктерді жеткізу басталады. Ал осы айдың үшінші онкүндігінде көрмеге қатысушылар өз өнімдерінің үлгілерін орналастыруға кіріседі.

Бүгінгі күнде «KADEX-2012»   көрмесіне қатысуға 230-дан астам  әскери және екіжақты мақсаттағы өнімдер мен әскери және қорғаныс құрылымдары үшін мүлік шығаратын отандық және шетелдік  компаниялар өтінімдерін  ұсынды.

Бірінші қазақстандық қару-жарақ көрмесімен (Астанадағы 2010 жылғы көрме) салыстырғанда қатысушылар саны осы жылы 30% өсті. Көрмеге Германия, Польша, Ресей, АҚШ, Украина, Беларусь, Италия, Испания, Франция, Словак Республикасы, Түркия және басқа да мемлекеттердің кәсіпорындары қатысады.

Көрмені өткізу күндері аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы Халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция ұйымдастырады. Аталмыш акционерлік қоғам қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды мемлекеттік меншік нысанымен біріктіреді.

Конференцияға қару-жарақ және әскери техника мәселелерімен айналысатын отандық және шетелдік министрліктер мен ведомстволарының, ғылыми және білім беру мекемелерінің, кәсіпорындар мен фирмалардың басшылары мен мамандары қатысады. Әскери ғылыми-техникалық конференцияға қатысушылар замануи әскери-техникалық саясаттың болашақта дамуын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар