14:03, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Астанадағы қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өтті
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елордадағы қарттар үйінде Жаңа жыл мерекесіне орай қайырымдылық акциясы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қарттарды ешқашан көңілсіз қалдырмауға тиіспіз. Қарттарға арналып ұйымдастырылып отырған бүгінгі шара оларға кішкене қуаныш сыйлайды деп ойлаймыз», - деді акцияны ұйымдастырушы - «Best Realty» жылжымалы мүлік агентігі директорының орынбасары Мәдина Ахметжанова.
Акцияға шетел дипломаттарының әйелдері - Халықаралық әйелдер клубының мүшелері, Астана қаласы бизнес қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары қатысты. Мерекелік концертте қарттарға арнап ән айтылып, би биленді.