Астанадағы кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

Оның себебі – Хардонның жарақаты. Ол қолын сындырып алды. Дәрігерлер оған рингке шығуға тыйым салып отыр, деп жазады Sports.kz.
Айта кетейік, Елеусінов – Хардон кездесуі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кешінде өтуі тиіс болатын. Данияр Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіретіні жазылған болатын.
Кеш аясында, сондай-ақ ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік Александр Устиновқа (36-5-1, 27 КО) қарсы шығады.
Бұдан бөлек, Данияр Елеусіновтің інісі Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО), Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО), Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) өнер көрсететіні жоспарланған.
Профибокс кеші «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.