Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанат өтуде

АСТАНА. Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.
None
None

Мерекелік шара Қазақстан халқының бірлігі күніне арнайы әзірленген бимен ашылды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке 1 мыңнан астам әртіс тартылған, театрландырылған қойылым халық наразына ұсынылады.

Әртістердің өнер көрсетуі үшін алаң орталығында негізі және екі қосымша сахна құрылымы жасалған. Олардың жалпы ауданы 3 мың шаршы метрді құрайды. Ал көрермендер үшін 5 мың орындық трибуна орналастырылған. Концерт бағдарламасында «Ринго», М. Сәдуақасова, П. Назаров, Ә. Кәрімов, А. Кішкенбаев, М. Арапбаева, «Дервиши», Грузияның ұлттық балеті, Өзбекстан мен Ресейдің ұлттық би ұжымдары, Өзбек эстрадасының жұлдызы С. Назархан және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді.

Шатырлы қалашық алаңында 120 шаршы метрлік сахна орналастырылған. Онда сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін 21 этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынады. Осы жерде арқан тартысу, армреслинг, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және т.б спорттық жарыс түрлерін ұйымдастыруға арналған екі алаңқай дайындалған.

Соңғы жаңалықтар