Астанадағы келіссөздер Сириядағы атыс тоқтаған соң басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы үлкен баспасөз конференциясында Ресей Президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Астанадағы Сирия Араб Республикасымен саяси татуластық келіссөзі Сирия аумағындағы барлық атыстың тоқтатылуы туралы тұжырым қабылданған соң басталады.
None
None

«Бұл тақырыпқа қайтып оралмас үшін айта кетейін, Сирия аумағындағы атыстың тоқтатылуы туралы тұжырым қабылданған соң, саяси татуластық келіссөзі басталады. Біз Қазақстанның елордасы Астананы бейтарап алаң ретінде ұсындық. Түркия Президенті келісті, Иран  - келісті, президент Асад та келісімін берді. Президент Назарбаев осындай жұмысқа жағдай жасап, бейтарап алаңды ұсынуға келісім берді. Барлығы ойдағыдай болады деп үміттенемін», - деді Путин.

Оның айтуынша, Аллеппоға байланысты жағдайды қалпына келтіруде Түркия Президенті, Иран басшылығы, САР Президенті Башар Асад үлкен рөлге ие. 

Соңғы жаңалықтар