Астанадағы көпірдің бірінде көлік қозғалысы тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Мәңгілік ел даңғылына қарай кететін М-1 көпірінің (Арқар көпірі, Сарайшық даңғылы бойында) оң жақ бұрылысы жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Астанадағы көпірдің бірінде көлік қозғалысы тоқтатылады

«Елордалық  Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен қалалық ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы бірге 29 тамыз күні сағат 20:00-ден 30 тамыз 15:00-ге дейін, М-1 көпірінен Мәңгілік Ел даңғылы бағытына қарай оң жақ бұрылыстан түсіру, жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты, автокөлік қозғалысы тоқтатылатын болады».

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс туындырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.