Астанадағы көрмеде танымал поляк суретшілерінің таңдаулы жұмыстары қойылды

ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Қазіргі заманғы поляк графикасы» атты көрме ашылды.
None
None

Көрмені Польша мемлекетінің Еуропа Одағына төрағалық ету жылына орай Польшаның Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырды. Ол жерде Януш Акерманн, Хенрык Ожуг, Збигнев Пурчинский сынды әлемдік деңгейдегі графисттердің туындыларын көруге болады.

«Көрмеде Польшаның әйгілі 17 суретшісінің 30 еңбегі қойылды. Бұл қазіргі заманғы польшалық графика. Еліміздің Еуроодаққа төрағалығы қарсаңында поляк мәдениетін ұсынудың сәті түскеніне қуаныштымыз», - дейді Польшаның Қазақстандағы Елшісі Яцек Ключковский.

Аталмыш экспозицияда әртүрлі нақыштағы, түрлі техникаларда жасалған графикалар көрермен назарына ұсынылған. Сонымен қатар суреттер өте еркін тақырыптарда, тіпті саяси өткір жанрда салынған.

Соңғы жаңалықтар