09:21, 17 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Астанадағы марафоншылар Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалауда
АСТАНА.ҚазАқпарат - Astana Marathon 2017 марафонына қатысушылар қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) қарсы жекпе-жегін тамашалауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің бастамасы бойынша марафоншылар жүгіретін аумаққа Головкин-Альварес жекпе-жегін тікелей тамашалау үшін LED-экраны орнатылған болатын.
Дәл қазір Лас-Вегастың "T-Mobile" аренасында кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасып жатыр.