Астанадағы Ramada Plaza-ға ІІД-мен қатар Бас прокуратура да үміткер болып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Ішкі істер департаментіне Ramada Plaza қонақүйінің берілу мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еlorda Aqparat-қа сілтеме жасап. 
None
None

Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен брифингте Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков мәлім етті.

«Ramada plaza» мемлекеттік мүлік иелігінде тұр. Қазір оны әкімдікке беру мәселесі шешіліп жатыр. Ғимарат о баста қонақүй кешені ретінде салынған, Ішкі істер департаментіне берілу үшін оған күрделі жөндеу (реконструкциялау) қажет. Не үшін екенін өздеріңіз түсінесіздер...  Егер ғимаратты берсе, ертең-ақ көшіп бара алмаймыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, келер жылдың орталарына қоныстануымыз ықтимал», - деді ол.

Сабыр Жүсіпбеков ғимаратқа Бас прокуратураның академиясы көшіп баруы де мүмкін екенін айтты.

«Шешім қабылданған, бірақ тоқ етерлік емес. Ғимаратқа Бас прокуратура да үміттеніп отыр. Олар өз академиясын орналастырғысы келеді. Ол жерде мәжіліс залы, сыныптарға арналған ғимарат, спортзал, бассейн бар», - дейді С. Жүсіпбеков.

Оның сөзіне қарағанда, Ішкі істер департаментінің жаңа ғимаратын салу жобасы дайын, бірақ оған әзірше қаражат жоқ.

Соңғы жаңалықтар