05:48, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттер жатақханаларына интернет желісі орнатылады
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Ертең С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мәжіліс залында «Астанателеком» қалалық телекоммуникация орталығы мен университеттің біріккен жобасының тұсаукесері өтеді.

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі абарлады.
Жоба аясында университеттің барлық студенттік жатақханаларындағы әрбір бөлмеге ID-TV және ID-Phone қызметін қолдануға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты интернет желісі орнатылады.