Астанадағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғылыми-зерттеу деңгейіне көшудің әлеуетіне ие

Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, Ресей Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының, ҚР Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындары - Пловдив ауылшаруашылық университетінің (Болгария), Путр университетінің (Малайзия), Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің, Беларусь мемлекеттік агротехникалық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің өкілдері мен ғылыми-зерттеу институттары мен «ҚазАгроИнновация» АҚ орталықтарының ғалымдары қатысуда.
ҚР Президенті қойған міндеттердің өзектілігін ескеріп, конференция жұмысы барысында даярлаудың жаңа сапалы деңгейіне өту, білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру, ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару және ғылымды инновациялық үрдіске тікелей қосу мәселелеріндегі проблемалар көтерілетін болады.
«Біздің университет ғылыми-зерттеу университеті деңгейіне көшудің үлкен әлеуетіне ие. Осы мақсатта арнайы бағдарлама қабылданды. Ауыл шаруашылығы секторындағы өзіміздің салалық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарып жатырмыз. Ғылым гранттарына бөлінген қаражат сомасы былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Былтыр 71 инновациялық патент алған болсақ, биылдың өзінде 20 патент алайын деп отырмыз», - дейді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғылым және инвестициялық мәселелер жөніндегі проректоры Лаура Садықова.