Астанадағы шахмат фестивалінде үздік гроссмейстерлер балаларға ойын сеанстарын өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Астананың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр. Іс-шараны белгілі қазақстандық спортшы Динара Сәдуақасова басқаратын шахмат академиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 және 14 шілдеде осы фестиваль аясында жаңадан бастаған ойыншылар мен балалар үшін әлемдік деңгейде ойнайтын үздік шахматшы-гроссмейстерлермен бір мезгілде ойын-сауық сеанстары өтеді.

13 шілдеде қазақстандық гроссмейстер, ерлер арасындағы шахматтан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Муртас Қажгалеев және украиналық гроссмейстер Виталий Бернадский өз шеберліктерін көрсетеді.

14 шілдеде қатысушылармен әзербайжандық гроссмейстер Мұхаммед Мурадлы беларуссиялық гроссмейстер Владислав Ковалевпен ойнайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 11-19 шілдеде елорданың 25 жылдығына орай «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі өтеді.

«Астана жұлдыздарының» ерекшелігі мен маңызы – «FIDE ұйымдастырушысы» атағына арналған семинар. Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар