Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің балконының астыңғы бөлігі опырылып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бесқабатты ғимарат балконының асты құлап қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің балконының астыңғы бөлігі опырылып түсті

Оқиға жайлы Фейсбук пайдаланушысы Руслан Сәбитов өзінің парақшасында жариялады.

Жарияланған сурет астына ол: «Астана. Жеңіс даңғылы, 73. Балконның астыңғы бөлігі құлап қалды», - деп жазған.

Айта кетейік, Жеңіс даңғылы қаланың тарихи бөлігіндегі елорданың оң жағалауында орналасқан.