Астанадағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында алып бала дүниеге келді

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Елордадағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында 7 келіге жуық (6 кг 820 г) нәресте туды.

37 апта жүктілік мерзімінде дүние есігін ашқан шарананың бойы - 63 см. Орталықтың жоғары білікті мамандары әйелді кесарев отасы арқылы босандырып алды. Себебі нәрестенің дене әлеуеті тым ірі болған. Қазіргі уақытта алып бала мен оның анасының хал-жағдайы жақсы, дәрігерлердің айтуынша, жақын арада үйлеріне жіберіледі. Шекесі торсықтай баланы дүниеге әкелген ананың бұл тұңғышы емес. Бірінші қыз баласы 3 келі 500 грамм тартқан болса, екінші ұл баласы 4 келі 100 грамм болған.

Дәрігерлердің айтуынша, клиниканың 5 жылдық ғұмырында бұл тіркелген алғашқы оқиға. Бұның алдында ағымдағы жылдың ақпан айында Көкшетау қаласында 6 келі 645 грамм салмағы бар қыз дүниеге келген болатын. Балалардың орташа салмағы 3-4 келі тартады. Соның ішінде 4 келілік балалар ірі болып саналады. Ең ірі нәресте 1955 жылы Италияда туған. Оның салмағы 10 келіден асып жығылған. Содан бері бұл рекорд әлі жаңартылған емес.

Соңғы жаңалықтар