10:36, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Астанадағы жалған кәсіпорындарға бір жылдың ішінде 1,7 млрд.-тан астам теңге төлетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Астананың көлеңке экономикасынан бюджетке 17 млрд. астам теңге қайтарылған.

Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы сотқа өтініштер беру арқылы қызметіне қатысын жоққа шығарып отырған адамдарға тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілері - 69 жалған кәсіпорынның тіркелуіне жол берілген жоқ.
«Оларды тіркемеу нәтижесінде прокурорлық ден қою актілері бойынша жалған кәсіпорындардың 1658 контрагентіне (салық төлеуден жалтарып отырған) жалпы сомасы 5,5 млрд. астам теңге көлемінде салық есептеліп, соның ішінде бюджетке 1,7 млрд.-тан астам теңге төлетілген», - делінген хабарламада.