04:12, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Астанадағы Жәнібек пен Керей хандар ескерткіші алдында тарихи кеш өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 қазан күні сағат 11:00-де елордадағы Жәнібек пен Керей хандар ескерткіші алдында «Қазақ хандығының тарихынан...» атты кеші өтеді. Шара Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіші алдында өз мәресіне жетеді.

Аталмыш шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Шара Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы және №63 орта мектеп оқушыларының қатысуымен өтеді. Аталмыш кештің мақсаты - оқушыларды ел тарихымен таныстыру, жас буынды ізгілікке, отансүйгіштікке баулу болып табылады. Астана қаласының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкерлері оқушыларға Керей, Жәнібек, Кенесары хандарының ескерткіштері туралы және олардың авторлары жайлы танымдық баяндама жүргізеді. Сонымен қатар Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы, танымал мүсінші Тоқтар Ермековпен кездесу өтеді, деп хабарлайды astana.kz.