Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысы 350 млн. астам теңгеге 650 тонна азық-түлік әкелді - облыс әкімі С. Дьяченко
Әншілер мен бишілер, ұлттық киімдер киген этно-мәдени орталықтардың өкілдері, тігілген киіз үйлер мен әсем безендірілген алаң - жәрмеңкені үлкен бір мерекелік думанға айналдырды.
Жәрмеңкені ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов арнайы аралап көріп, аздаған уақыттарын концерттік бағдарламаны тамашалауға бөлді.
Ақмола облысының әкімі С. Дьяченконың айтуынша, жәрмеңке кем дегенде 350 млн. теңгеге 650 тоннадан астам азық-түлік тауарлары әкелінді.
«Облыстан 170 тонна ет, соның ішінде 102 тонна сиыр еті жеткізілді. Тауарлардың бағасы да нарықтағыдан әлдеқайда төмен, мысалы жылқы еті - 900 теңгеден, сиыр еті - 800 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар 500 тоннадан аса көкөніс пен картоп әкелінді. Жалпы Ақмола өңірі бай болып есептелетін 100-ге жуық ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері ұсынылып отыр», - дейді облыс басшысы.