Астанадағы ЖЭС-1 мен ЖЭС-2-нің жұмысы тоқтатылады

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігінде елордада дифференциалды тарифтерді енгізу мәселесі бойынша сарапшылар кеңесінің отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мәселе бойынша баяндама жасаған «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның басқарма жетекшісі Тимур Есенгелдиннің айтуынша, электр қуат көздерін сатып алу бағасының қымбаттауына байланысты шілденің 1-інен бастап 1 кВт/сағ.-тың құны 6,62 теңгеге дейін көтерілді. Осыған байланысты елорда тұрғындары тәулік мезгілі немесе тұтынатын электр қуатының көлемі бойынша дифференциалды тарифті төлей алады. Тәулік мезгілі бойынша төленетін дифференциалды тарифтің мөлшері 1,84-13,66 теңгені құрайтын болса, тұтынатын электр қуатының көлемі бойынша белгіленген дифференциалды тариф ай сайын адам басына 70-90 Квт/сағ.-қа есептелген. «Сонымен қатар бүгінде тұтынған энергия көлемін рәсімдеу бойынша туындап жатқан көптеген дау-дамайларға байланысты біз жіберілетін есеп-түбіртектерге өзгерістер енгіздік», - дейді Т.Есенгелдин .

Сондай-ақ Т.Есенгелдиннің сөзіне қарағанда, ағымдағы аптада белгілі себептерге байланысты Астанадағы ЖЭС-1 мен ЖЭС-2-нің жұмысы тоқтатылады. «Осыған орай қосымша электр қуат көздерін Екібастұздағы ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-ден сатып алу жоспарланып отыр», - деді басқарма жетекшісі. 

Соңғы жаңалықтар